«Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы жалғасын табуда.
9 қазан күні «КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітапхана қорын толықтыруға, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы жалғасын табуда.
Осы игі бастамаға үн қосқан “Құрмет” орденінің иегері, “Ұлағат отауы” ҚБ төрайымы, ҚР ағарту ісінің үздігі, ардагер ұстаз Гүлжаһан Кәрібайқызы кітапханамызға *200 кітапты* сыйға тартты. Бұл – рухани құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған үлкен өнеге.
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, рухани байлықтың қайнар көзі. Кітапханаға сыйға тартылған әрбір кітап оқырманның ой-өрісін кеңейтіп, білім көкжиегін арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз.
Осындай игі іске атсалысып, кітапхана қорын молайтуға қолдау көрсеткен Гүлжаһан Кәрібайқызына шынайы алғысымызды білдіреміз! ![]()
Кітап сыйлау – ұрпаққа рухани мұра қалдыру!Кітап оқитын ұлт болашағы жарқын ұлт!

