“Кітапханадағы жазғы қызықтар” тақырыбында библиошар өткізілді.
15 шілде күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен “Раушан” бөбекжай бақшасының мектеп алды даярлық тобының қатысуымен “Кітапханадағы жазғы қызықтар” тақырыбында библиошар өткізілді.
Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында өтілген іс-шарада балалар қызықты сұрақтарға жауап беріп, кітап көрмесімен танысып, танымдық тапсырмаларды орындады.





