«Кітапханадағы жазғы қызықтар» атты библиофреш іс-шарасы өткізілді.
5 тамыз күні Шу қалалық №2 кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханадағы жазғы қызықтар» атты библиофреш іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:жазғы демалыс уақытын кітаппен мазмұнды әрі пайдалы өткізуге баулу, оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, қиялын дамыту.Шара барысында қатысушылар жазғы демалыста оқуға ұсынылған қызықты кітаптармен танысып, жаңа әдебиеттерге шолу жасады. Кітап оқу арқылы балалар мен ересектер бос уақыттарын тиімді пайдаланып, таным көкжиектерін кеңейтіп, жаңа білім мен әсер алды.


