“Кітапхана тарихы” атты тәрбие сағаты өтті.
30 қаңтар күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасына 85 жыл толуына орай “Кітапхана тарихы” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқырмандарға Жамбыл облысының тарихы мен бүгіні жайлы түсіндіру, облыстық кітапхананың тарихын таныстыру.

