«Кітапхана – балалар ақылшысы» атты кітап жәрмеңкесі өтті.

22 сәуір күні Абай ауылдық кітапханасында «Кітапхана – балалар ақылшысы» атты кітап жәрмеңкесі өтті.Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың оқу мәдениетін қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілетін іс-шара.

Жәрмеңке барысында балаларға арналған әртүрлі жанрдағы кітаптар (ертегілер, әңгімелер, энциклопедиялар, танымдық әдебиеттер) көрмеге қойылып, оқырмандарға ұсынылады. Сонымен қатар, шара аясында кітаптар туралы қысқаша таныстырылымдар, қызықты ойындар, викториналар, әдеби кейіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылады.