“Кітап – сарқылмайтын қазына” атты кітап таныстырылымы өтті.
30 маусым күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен оқушылардың қатысуымен “Кітап – сарқылмайтын қазына” атты кітап таныстырылымы өтті. Кітапханашы саябақта балаларға шағын қысқаша ертегі кітаптардан оқып берді. Балалар ойындар ойнап, жаңа түскен балалар әдебиетімен танысты.



