«Кітап – рухани қазына, ұлттың асыл мұрасы» атты тағылымды кітап фестивалі өтті.
11 қыркүйек күні «КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА, ҰЛТТЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ»
«Kitap Time – 2026» республикалық кітап фестивалі аясында 11 қыркүйек күні М.Жүнісәлиев атындағы саябақта «Кітап – рухани қазына, ұлттың асыл мұрасы» атты тағылымды кітап фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқырманның рухани әлемін байыту, білім мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Сонымен қатар кітаптардан жасалған ерекше «Қобыз» инсталляциясы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған тактильді кітаптар, балаларға арналған «Балаларға базарлық», «Ертегілер әлемінде» кітап бұрыштары мен ерекше безендірілген “Сұрақты шар” ойыны көпшілік назарына ұсынылды.
Мерекелік бағдарламада көрермендер назарына «Туған жер», «Отан» әндері ұсынылып, кітапхананың тұрақты оқырмандарының орындауында «Балбырауын» күйі орындалды. Сондай-ақ «Кітаппен кездесу» атты шағын көрініс қойылып, ұлттық билер көпшілік көңілінен шықты.
Іс-шара барысында сөз сөйлеген қонақтар кітаптың адам өміріндегі маңызына тоқталып, жас ұрпақты кітап оқуға, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеуге шақырды.
Кітаппен бірге өсейік, біліммен бірге биіктейік!















