«Кітап оқы, арманға ұмтыл» тақырыбында әдеби орындық өтті.
2 сәуір күні 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ауылдық саябақта «Кітап оқы, арманға ұмтыл» тақырыбында әдеби орындық өтті. Іс-шара барысында қаламгерлердің балаларға арналған өлеңдері оқылып, кітапханашы кітап қорындағы балалар әдебиеттерімен таныстырып, кітап оқуға шақырды. Сондай-ақ түрлі сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынып, тәттілер таратылды.


