«Кітап – мәңгілік мұра» менің сүйікті кітабым айдарымен оқылған кітап бойынша сұхбат өтті.
23 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен 23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай
«Кітап – мәңгілік мұра» менің сүйікті кітабым айдарымен оқылған кітап бойынша сұхбат өтті.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбие берудегі рөлі туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті шығармаларымен танысып, өздері оқыған кітаптары жайлы пікір алмасты,
оқушылар сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. Кітап туралы нақыл сөздер айтылды.




