«Кітап – ғажайып әлем» тақырыбында кітапханалық бульвар өткізілді.
2 сәуір күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – ғажайып әлем» тақырыбында кітапханалық бульвар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: балаларды кітап оқуға баулу, балалар әдебиетін дамыту, сондай-ақ жазушылар мен кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру.
Шара барысында оқырмандарға түрлі балалар әдебиеттері таныстырылып, қызықты кітаптар ұсынылды. Балалар кітап әлеміне саяхат жасап, өз ойларымен бөлісті.

