«Кітап – ғажайып әлем» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы өткізілді.
11 маусым күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазғы демалыс кезінде балаларды кітап оқуға баулу мақсатында «Кітап – ғажайып әлем» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында балалар қызықты кітаптармен танысып, бірге кітап оқып, оқыған шығармалары бойынша өз ойларымен бөлісті. Мұндай шаралар жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық қабілеті мен шығармашылық ой-өрісінің дамуына ықпал етеді.



