«Кітап-білім тасмалдаушы» атты кітапқа шолу өтті.

2 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Кітап-білім тасмалдаушы» атты кітапқа шолу өтті. Кітапханашы “Кітап арқылы білім ал” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Айгөлек» балабақшасының балаларын Андерсеннің «Түймеқыз», «Патшаның жаңа көйлегі», «Жабайы аққулар», «Ұшақ-сандық», «Жауыз патша» т.б. қызықты ертегі кітаптарымен таныстырды.

Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.