«Кітап – алтын қазына» атты дөңгелек үстел өтті.

23 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәyip Ұлттық кітап күніне орай Ш.Мұртаза орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап – алтын қазына» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты оқырмандарды түрлі тақырыптағы кітаптармен таныстырып, кітап оқуға деген құлшынысын арттыру, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту.

Шара барысында оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін түсіндіре отырып, кітап туралы түрлі қызықты деректер айтылды. Сондай-ақ кітапхана қорына қосылған жаңа әдебиеттерге тоқталып, ақпарат берілді. Оқырмандар өздерінің оқыған кітаптары жайлы, ондағы жазылған қызықты оқиғалар туралы ойларымен бөлісті. «Кітап өркениет баспалдағы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалып, жасөспірімдерге арналған көркем әдебиет, аңыз әңгімелер, хикаяттар, әңгімелер жинақтарымен танысты. Кітап көрмесі оқырмандардың зор қызығушылығын тудырды.