«Кітап әлемі-ғажап әлем» атты кітап саяхатын ұйымдастырды.

31 қаңтар күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлері «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Кітап әлемі-ғажап әлем» атты кітап саяхатын ұйымдастырды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, «Ел болып оқимыз»жобасы аясында Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай жазушының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Алаштың айбыны-Бауыржан», «Шудан шыққан шынарлар», «Өзің оқы, өзгеге ұсын» атты кітап көрмелерін көпшілік назарына ұсынды. Алғашқы кітап саяхатын «Қант зауыты-Төле би» ауылы бағытындағы автобуспен бастау алып, халық көп шоғырланған «Шу вокзалында» жалғасын тапты. Кітап саяхатының мақсатты тұрғындар арасында рухани және интеллектуалдық дамытудың көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту, кітап окуды насихаттау. Отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттыру.