«Кино өнерінің жұлдызы» өмірбаяндық шолу өткізілді.
25 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Қазақтың еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешованың 75 жыл толуына орай «Кино өнерінің жұлдызы» өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға Мерует Өтекешованың өмірбаяны мен шығармашылығын, сомдаған рольдерімен, марапаттары туралы таныстырды. Сонымен қатар қазақ киносының шыңына баланатын «Қыз Жібек» фильмі пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны, қазақ халқының өшпес мұрасы, сарқылмас қазынасы екендігін де айтып өтті.


