«Кино мен театр әлеміндегі дара жол» атты танымдық сағат өткізілді.

17 шілде күні Абай ауылдық кітапханасында қазақ киносы мен театр өнерінің көрнекті өкілі, актер Сағи Әшімовтің 65 жылдық мерейтойына орай «Кино мен театр әлеміндегі дара жол» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға актердің өмір жолы мен шығармашылық қызметі кеңінен таныстырылып, оның қазақ киносы мен театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Сонымен қатар, Сағи Әшімов сомдаған жарқын бейнелер мен өнердегі өзіндік қолтаңбасы жайында әңгіме өрбіді.

Танымдық сағат өз мақсатына жетіп, оқырмандардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, қазақ киносы мен театр тарихы туралы білімдерін толықтыруға ықпал етті.