«Киелі Шу өңірінің ақыны» атты кездесу кеші өтті.

30 қаңтар күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2025 жыл «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Шу өңірінің Құрметті азаматы Асқартегі Базарбай Мамытұлына арналған «Киелі Шу өңірінің ақыны» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара барысында айтыскер ақынның өмірбаяны, жеткен жетістіктері айтылып, жүрегінен жарып шыққан, ерекше талант иесінің туындылары кітапханамыздың тұрақты оқырмандары нақышына келтіріп орындаса, сазгер Азаматов Ермахан «Дана би» арнауын тарту етті. Кеш қонағы Шу ауданының ардагерлер кеңесінің мүшесі Бейсенбаева Дәнен апамыз ақынға деген ізгі тілегін білдіріп, кітапхана директоры Б.Алжанбаева шығармашылыққа үлес қосқан өнер иесінің табиғи дарындылығы мен өлшеусіз еңбектері жайлы оқырмандарға кеңінен мағлұмат беріп, ақынға деген сый сияпатын тарту етті.

Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.