«Кел, бірге кітап оқиық!» жобасы оқырмандарды кітап оқуға, білімін арттыруға және өзара ой бөлісуге үндейді.
10 шілде күні №2 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырған «Кел, бірге кітап оқиық!» жобасы оқырмандарды кітап оқуға, білімін арттыруға және өзара ой бөлісуге үндейді.
Бұл жоба – жай ғана кітап оқу емес, достық қарым-қатынасты нығайтып, бірлесе ізденіп, білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған игі бастама. Кітап арқылы жаңа дүниелерді танып, пікір алмасып, рухани дамуға мүмкіндік беретін бұл жоба барлық кітапсүйер қауымды бірге оқуға шақырады.




