«Казахстанская правда-республикалық қоғамдық газеті» атты ақпараттық сағаты өтті.
5 ақпан күні Бүгін Қонаев ауылдық кітапханасында республикалық қоғамдық-саяси басылым «Казахстанская правда» газетінің жарыққа шыққанына 105 жыл толуына орай «Казахстанская правда-республикалық қоғамдық газеті» атты ақпараттық сағаты өтті.
Іс-шарада кітапханашы биыл жүз бес жылдық межесіне жеткен республикалық басылым «Казахстанская правда» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Известия Киргизского края» деген атпен 1920 жылдың 1 қаңтарында тигендігін, 1921 жылдың шілдесінде «Известия Киргизского края» газеті «Степная правда» деген атпен жарық көріп, ал 1923 жылы «Оренбургский рабочий» газетімен бірігіп, «Советская степь» деген атаумен жарық көргендігін айтты.
