«Көкорай көкмайсасы көркемсөздің» тақырыбында әдеби подиум өтті.
9 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойына орай «Көкорай көкмайсасы көркемсөздің» тақырыбында әдеби подиум өтті.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Мақсаты: оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы, шығармашылығымен таныстырып пікір алмасу, жазушыға деген оқушы құрметін ояту.

