«Күй ойнайды қазағымның қанында» атты өнеге сағаты өтті.
1 шілде күні
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында – деп ақын Шөмішбай Сариев жырлағандай 1 шілде домбыра күніне орай Жаңа жол ауылдық кітапхана кітапханашысының ұйымдастыруымен «Күй ойнайды қазағымның қанында» атты өнеге сағаты өтті. Іс-шарада кітапханашы оқырмандарға домбыраның тарихы туралы мәлімет берді. Оқырман Серкебаева Замира қасиетті қара домбырамен «Туған жер» әнін , «Келіншек» күйін оқырмандарға ұсынды.

