«Инклюзивті кітапхана: ЖИ дәуірі» атты облыстық семинар өтті.
28 сәуір күні «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен зағип оқырмандарға қызмет көрсететін кітапханашыларға арналған «Инклюзивті кітапхана: ЖИ дәуірі» атты облыстық семинар өтті.
Аталған семинарға зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім қызметкерлері қатысып, тәжірибе алмасып, өзара пікір бөлісті.





