«Халықтың үні Жамбыл жыры» дөңгелек үстел өткізілді.
10 сәуір күні «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Оразалы ауылдық кітапханасында «Халықтың үні Жамбыл жыры» дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында кітапханашы жыр алыбы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беріп, оның қазақ әдебиетіндегі алар орнына тоқталды.



