«Халықпен бірге, уақытпен үндес – Жас Алаш» ақпараттық сағат өтті.
27 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Республикалық «Жас алаш» газетіне -105 жыл толуына орай «Халықпен бірге, уақытпен үндес – Жас Алаш» ақпараттық сағат өтті.
Шара барысында кітапханашы оқырмандарға халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Жас Алаш» газетінің жарыққа шығу тарихына тоқталып, газеттің шығуына үлес қосқан ұлт зиялыларының еңбектерін атап, кітапханаға келіп түсетін газеттерге де шолу жасап, таныстырды.



