«Халық сүйген қаламгер» атты әдеби портрет кеші өткізілді.
22 қаңтар күні №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мағзом Сүндетовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Халық сүйген қаламгер» атты әдеби портрет кеші өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстырып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесіне жан-жақты тоқталды. Қаламгердің еңбектері, тақырыптық бағыты, көркемдік ерекшеліктері жүйелі түрде баяндалып, оқырмандарға тағылымды деректер ұсынылды.


