«Халық қаһарманы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
4 тамыз күні Мойынқұм ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақ халқының қаһарманы, Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен ержүрек қолбасшы, аты аңызға айналған жауынгер, қаламы мен қаруы қатар жүрген ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Халық қаһарманы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында кітапханашы ержүрек қолбасшының өмірі мен ерен ерлігі жайлы таныстырып өтті. Іс -шараны кітапханашы кітапхана қорындағы әдебиеттермен таныстырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырып, қорытындылады.


