«Халық қаhарманы – Қайрат»тарихи сағат өтті.

12 наурыз күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халық қаhарманы – Қайрат»тарихи сағат өтті. Іс -шарада бүкіл әлем алдында құдіреті күшті «Қызыл империяның» қаhaрынан қаймықпай оның озбырлы үстемдік саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ жастарының 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде жанкешті ерлік жасаған Қайрат Рысқұлбековтың ғибратты үлгі болар тағдыры насихатталды. Мақсаты:боздақтардың жазықсыз қиылған өмірі, жүздеген жастардың жазықсыз қудалануын дәріптеу. Елін жерін сүюге баулу.