«Халық өмірінің жыршысы – Жамбыл» атты байқау Шу қалалық мәдениет үйінде өтті.

19 ақпан күні Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының алып тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Халық өмірінің жыршысы – Жамбыл» атты байқау Шу қалалық мәдениет үйінде өтті.

Кеш шымылдығы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Боранбай Зеренің орындауындағы «Бақтыбайдың әуені» күйімен ашылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар ақынның лирикалық өлеңдерін жатқа оқып, «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы» дастандарынан үзінділер орындап, сондай-ақ Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасының шешімімен:

???? І орын – №40 мектеп-лицейі оқушысы Аймахан Ерхан

???? ІІ орын – М.Мақатаев атындағы трек мектебі оқушысы Жәнібекұлы Алинур

???? ІІІ орын – Жамбыл атындағы орта мектебі оқушысы Еркін Жания иеленді.

Жеңімпаздарды ОКЖ директоры Б.Алжанбаева марапаттап, арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

Аталған шараның басты мақсаты – ұлы ақын мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Рухани кеш мазмұнды әрі әсерлі өтті.