«Халық мұрасын үнмен тербеткен Данеш» атты тәрбие сағаты өткізілді.
19 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың талантты әншісі Данеш Рақышевтың 100 жыл толуына орай «Халық мұрасын үнмен тербеткен Данеш» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында әнші Данеш Рақышевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беріп, оның қазақ өнеріндегі орны ерекше екендігін атап өтті. Сонымен қатар, әншінің халқымыздың мәдени мұрасын насихаттап, өзінің сырлы үні арқылы ел жүрегінен орын алған өнер иесі екені айтылды.


