«Халық мұрасын үнмен тербеген Дәнеш» сыр кеші өткізілді.
13 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Дәнеш Рақышев туғанына 100 жыл толуына орай «Халық мұрасын үнмен тербеген Дәнеш» сыр кеші өткізілді. Кеш барысында әншінің өмір жолы, өнердегі биік белестері, қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен таныстырылды. Оқырмандар Дәнеш Рақышев орындауындағы халық әндері мен сазды мұралары туралы мәлімет алып, оның шығармашылық әлеміне терең бойлады.



