«Халқының сүйіктісі» атты әдеби-әуенді кешін өткізді.

25 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерi, жыршы, айтыскер, өзінің туа біткен талантымен танымал болған термеші, жерлесiмiз Аяз Бетбаевқа арналған «Халқының сүйіктісі» атты әдеби-әуенді кешін өткізді. Аталмыш шараға М.Мақатаев атындағы тірек /РО/ мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Шарада кітапханашы айтыскер ақынның өнері мен өмірбаянына шолу жасады. Оқушылар «Домбыра», «Қорғаным», «Өмір – өлең» өлендерін жатқа айтып, «Аққайын», «Сағыныш» туындыларын домбырада орындады.

Мақсаты: Туған өлкеден шыққан ақын- сазгерлеріміздің жыр-жинақтарын оқырмандарға кеңінен насихаттау.