«Халқымның батыр ұлы Бауыржан Момышұлы» атты тарих сағаты өтті.
26 ақпан күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Жамбыл жерінің тумасы ,жерлесіміз, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының шығармаларына арналған «Халқымның батыр ұлы Бауыржан Момышұлы» атты тарих сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты:аты аңызға айналған қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.

