«Халқы сүйген қаламгер» атты тертулия өткізді.
6 ақпан күні аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына орай «Халқы сүйген қаламгер» атты тертулия өткізді. Аталмыш шараға М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің оқушылары қатысып, тарихтың терең тамырын зерттеген жазушының еңбектерімен танысты. Кітапханашы М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оқырмандарға тың мәліметтер ұсынды.

