“Гүлдене бер, Қазақстаным” тақырыбында әдеби вернисаж өтті.

21 қазан күні N1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен 25 қазан- Қазақстан Республика күніне орай Сарыбай Қалмұрзаев атындағы орта мектебінің 2-сынып оқушыларының қатысуымен “Гүлдене бер, Қазақстаным” тақырыбында әдеби вернисаж өтті. Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылар мерекеге орай өлең жолдарын оқыды. Іс-шара соңында кішкентай оқырмандарға жаңа түскен балалар әдебиетіне шолу жасалынды.