«Ғажайып кітап әлемі» кітап фестивалі өтті.

13 ақпан күні Шу аудандық орталық кітапханада 14 ақпан – Кітап сыйлау күніне орай «Ғажайып кітап әлемі» кітап фестивалі өтті.

Кітап фестивалінің мақсаты – кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.

Мерекелік кешті “AMANAT” партиясы Шу аудандық филиалының төрағасы Ниязбеков Болатхан Кемелбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақыл-ойдың азығы болған кітаптың құндылығына тоқталды.

Фестиваль қатысушыларына түрлі бағдарламалар әзірленді.

Шу ауданының 95 жылдығына арналған оқу марафоны ұйымдастырылып, М.Мақатаев, Е.Бекмаханов, атындағы мектеп-гимназия оқушылары қатысып, жыр шумақтарынан шашу шашса, «Болашаққа кітаппен» атты поэтикалық марафонда кітапхана қызметкерлері жыр сүйер қауымға арнап өлеңдерін оқыды.

«Кітап – ой әлемі» көрме-инсталляциясына қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер, балалар кітаптары мен мотивациялық кітаптар, фантастика мен детектив жанрындағы әдебиеттер қойылды.

«Білімді шығар биікке» тақырыбында викториналық сұрақ – жауап ойыны ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларынан бастап егде жастағы оқырмандарға дейін викториналық ойынға қызығушылық танытып, белсенді қатысқандарға тәтті сыйлар мен 19 ақпан күні өтетін «Қыз Жібек» Kino Kesh отандық кино филімнің билеті тарту етілді.

«Мәдениеттің мәйегі – кітап» атты биылғы даталы күндерге арналған кітап көрме ұйымдастырылып, «Ақын елдің ардағы» жергілікті жас ақындармен кездесу өтті.

Кітапханалық «Руханият» әуесқойлар клуб мүшелері «Кітаптан берілген шабыт» тақырыбы бойынша қылқалам шеберлері өз қиялынан туған дүниелерін бейнеледі. Суретшілердің бедерлі бейнелері көпшіліктің назарын аудартпай қоймады.

«Мен және Кітап» тақырыбында көпшілік көрермен фотосессия жасауға мүмкіндік алды.

Кітап фестивалін зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, жастар, кітапхана оқырмандары, колледж студенттері, мектеп оқушылары, Шу ақпараттық медиа орталығы қатысып тамашалады.

Возможно, это изображение 18 человек и текст