«Ғасырмен сырласқан ақын» атты танымдық сағат өткізілді.
18 маусым күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай «Ғасырмен сырласқан ақын» атты танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға Олжас Сүлейменовтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет беріп, ақынның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан зор үлесі жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар, қаламгердің елдік рухты, ұлттық құндылықтарды дәріптеген шығармалары таныстырылып, қатысушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.



