«Ғарышты бағындырған батырлар» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

9 сәуір күні №2 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ғарышты бағындырған батырлар» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы кеңінен мәлімет берілді. Биыл тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толып отыр. Бұл тарихи оқиға еліміздің ғылымының дамуына, ұлттық сана-сезім мен намыстың өсуіне зор ықпал еткені сөзсіз.

=Сонымен қатар, оқушыларға қазақтың батыр ғарышкерлері Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов туралы да мағлұмат беріліп, олардың ерліктері үлгі ретінде насихатталды.