«Ғарышқа жол ашқан қазақ» тақырыбында линго сағаты өткізілді.

2 қазан күні Сауытбек ауылдық кітапханасында қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толуына орай «Ғарышқа жол ашқан қазақ» тақырыбында линго сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен ерлік жолын таныстыру, ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту, жас ұрпақты отансүйгіштікке, білімге құштарлыққа және ғылымға қызығушылыққа тәрбиелеу.