«Ғарышқа самғаған қазақ» атты өмірбаяндық шолу ұйымдастырылды.
24 шілде күні Абай ауылдық кітапханасында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры, техника ғылымдарының докторы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай «Ғарышқа самғаған қазақ» атты өмірбаяндық шолу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар тақырыпқа байланысты кітаптар мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалып, қатысушыларға ғарышты игеру тарихы мен Қазақстанның ғылым саласындағы жетістіктері туралы әдебиеттер таныстырылды.


