«Ғарышқа алғашқы қадам-қазақ ғарышкерлері» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

7 қазан күні Қонаев ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ғарышқа алғашқы қадам-қазақ ғарышкерлері» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы кеңінен мәлімет берілді. Биыл тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толып отыр. Бұл тарихи оқиға еліміздің ғылымының дамуына, ұлттық сана-сезім мен намыстың өсуіне зор ықпал еткені сөзсіз.Сонымен қатар, оқушыларға қазақтың батыр ғарышкерлері Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов туралы да мағлұмат беріліп, олардың ерліктері үлгі ретінде насихатталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текст