«Ғарышқа алғашқы қадам» атты тәжірибелік сағат өткізілді.

2 қазан күні Абай ауылдық кітапханасында Қазақ ғарышкерінің ұшқанына 35 жыл толуына орай «Ғарышқа алғашқы қадам» атты тәжірибелік сағат өткізілді.

Шараның мақсаты: оқырмандарға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерімен таныстырды.

Шара барысында ғарыштың тылсым сырлары, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышқа ұшу тарихы туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар Тоқтар Әубәкіровтің 1991 жылғы 2 қазанда «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, «Мир» орбиталық кешенінде ғылыми зерттеулер жүргізгені туралы білді.

Тәжірибелік бөлімде қатысушылар ғарышқа қатысты қызықты тәжірибелер жасап, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін толықтырды. Шара соңында ғарыш тақырыбындағы кітаптар мен көрнекі материалдар таныстырылды.