“Ғалымға құрмет – шәкіртке міндет” тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті.

18 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсарин мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен зерделі ғалым, қоғам қайраткері, біртуар тұлға Ебіней Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойына орай “Ғалымға құрмет – шәкіртке міндет” тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті. Аталған шарада Ебіней Бөкетовтың Жазушылар одағының мүшесі ретінде және әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы болғанын, артына қос тілде қаншама мұра қалдырғаны жөнінде айтылды. Аязбай Мирас Медеу Сәрсекенің Шығармалар жинағының 5-ші томындағы Бөкетов жайлы ғұмырнама-романының мазмұнын баяндап, әсерімен бөлісті.

Возможно, это изображение 23 человека, люди учатся и текст