«Гендерлік теңдік – тұрақты дамудың кепілі» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

8 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Гендерлік теңдік – тұрақты дамудың кепілі» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, адам құқықтарын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру және қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, тақырып бойынша пікір алмасты.

Шараның негізгі мақсаты: Зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның түрлері мен салдары туралы түсіндіру және қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.