«Газет өмір айнасы» ақпараттық шолу өткізілді.

31 наурыз күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Жас Алаш» газетіне – 105 жыл толуына орай «Газет өмір айнасы» ақпараттық шолу өткізілді.

Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Жас Алаш» газетінің жарыққа шығу тарихына тоқталып, газеттің шығуына үлес қосқан ұлт зиялыларының еңбектерін атап өтті, газеттің қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндірді.