«Газет халықтың көзі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

17 шілде күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қалалық мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен «Казахстанская правда» газетіне – 105 жыл толуына орай «Газет халықтың көзі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Аталған шарада кітапханашы қатысушыларға «Казахстанская правда» газетінің шығу тарихы жайлы ақпарат беріп, республикалық ауқымдағы бас басылымдардың біріне айналуы, аталған бұқаралық ақпарат құралының сол заманның өзінде көптің көңілінен шығып, оқырман жүрегінен өзіндік орнын алғанын айтты.