«Есірткіге қарсы қоғамдық күрес» шок урок өткізілді.

29 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапханасында жас ұрпақты зиянды әдеттерден қорғау, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткіге қарсы қоғамдық күрес» шок урок өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға нашақорлықтың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, оның алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттар берді. Сонымен қатар жастарды зиянды әрекеттерден бойларын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.