«Есірткіге қарсы қоғамдық күрес» атты шок-сабақ өтті.
16 маусым күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Есірткіге қарсы қоғамдық күрес» атты шок-сабақ өтті.Шара барысында кітапханашы оқушыларға есірткінің адам денсаулығына, психологиясына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы және өз болашағына жауапкершілікпен қарау жөнінде әңгіме жүргізілді. Оқушыларға есірткінің зардаптары туралы мәліметтер ұсынылып, олардың пікірлері тыңдалды.



