“Есімі елдің есінде” еске алу кеші өткізілді.
7 қыркүйек күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұцымдастыруымен Күй өнерінің көрнекті тұлғасы, күйші-композитор Әбдімомын Желібаевты еске алуға арналған “Есімі елдің есінде” еске алу кеші өткізілді.
Іс-шара барысында Ә. Желдібаевтың өмір жолы, еңбек қызметі, шығармашылық ізденістері мен ел мәдениетіне қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Кешке қатысушыларға тұлғаның өнегелі өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы таныстырылды.
Кеш барысында Ә. Желдібаев туралы естеліктер айтылып, оның еңбектерінен үзінділер оқылды. Сонымен қатар кітапханашы тұлғаның шығармашылық жолына тоқталып, оның есімі мен еңбегінің ел жадында сақталуының маңыздылығын атап өтті.




