«Есіл жағасындағы еңселі қала» атты көрме-панорамасы ұйымдастырылды.

3 шілде күні Абай ауылдық кітапханасында 6 шілде – Астана күніне орай «Есіл жағасындағы еңселі қала» атты көрме-панорамасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасу тарихымен, сәулетті келбетімен, мәдениетімен және Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи маңызымен таныстыру.

Көрмеге Астана қаласының өткені мен бүгіні, көрікті сәулет нысандары туралы кітаптар, тарихи-танымдық басылымдар, фотоальбомдар мен ақпараттық материалдар қойылды. Оқырмандар көрме арқылы Есіл жағасындағы еңселі қаланың аз ғана уақыт ішінде әлемге танылған заманауи мегаполиске айналу жолымен танысып, елордамыздың жетістіктері жайлы мол мағлұмат алды.