«Есіл өңірінің ардақты азаматы – Жұмабай Тәшенов» атты танымдық сағат өткізілді.
17 желтоқсан күні Абай ауылдық кітапханасында жазушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Жұмабай Тәшеновтың туғанына 90 жыл толуына орай «Есіл өңірінің ардақты азаматы – Жұмабай Тәшенов» атты танымдық сағат өткізілді.
Танымдық сағаттың мақсаты – қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ел мүддесін қорғауда қайсарлығымен танылған Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің өмір жолы мен қоғамдық қызметін таныстыру, жас ұрпаққа оның елге сіңірген еңбегін үлгі ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу.



